TikTok әлеуметтік желісінің пайдаланушысы саяхатты жеңілдетудің, оны ыңғайлы әрі жағымды етудің ерекше 5 тәсілімен бөлісті. Аталмыш кеңестер өмірді жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен қатар багаждағы орынды үнемдейді.
@nstgal лақап атымен танымал әлеуметтік желі пайдаланушысы төмендегідей лайфхактарды ұсынды:
1. Түйме — сырғалардың сенімді сақтаушысы. Бұл қарапайым әдіс кішкентай әшекейлерді жоғалтып алмауға септеседі;
2. Ашылмайтын белдік. Бүктеудің ерекше тәсілінің арқасында белдік енді сөмкеде көп орын алмайды.
3. Үлкен бөтелкелердің орнына кішігірім құтылар. Косметикалық заттарды кішігірім құтыларға ауыстыру арқылы орын үнемдеңіз;
4. Косметиканы қорғауға арналған мақта. Егер сіз далап пен ұнтақтың арасына мақта салып қойсаңыз, олар шашылып кетпейді;
5. Сұйықтықты ағып кетуден «полиэтилен пленкасы» қорғайды. Пленкамен орау — бөтелкелерден сұйықтықтың ағып кетуіне жол бермеудің қарапайым және тиімді әдісі.