Жетім балалар үйсіз, мүгедектігі барлар жәрдемақысыз қалған

Атыраудағы білім бөлімінің мамандары 3 жетім баланы дер кезінде тұрғын-үй кезегіне тіркемеген. Ал қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жауаптылары болса, мүгедектігі бар 7 балаға мемлекеттен тиесілі жәрдемақыны аударуға асықпапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Полиция қызметкерлері кәмелет жасқа толмағандарға қатысты қорғаушының қатысуынсыз әкімшілік хаттамалар жасақтаған. Прокуратураның наразылығы негізінде 197 хаттаманың күші жойылды. Прокурорлық қадағалау актілері негізінде 3 жетім бала тұрғын үй алуға кезекке тұрғызылды. Мүгедектігі бар, үйден білім алатын 7 балаға тиесілі жәрдемақы төленді. Осылайша балалардың конституциялық құқықтары қорғалды, — дейді Атырау қаласы прокуратурасының бөлім аға прокуроры Айгүл Есенғожина.