басшысы Олжас Бектеновтың депутаттарға берген жауабында.
Мұнай Қытайға экспортталып жатыр ма?
Шығыс Қазақстан облысында мұнай мен газ өндіретін «Тарбағатай Мұнай» компаниясы Тарбағатай және Зайсан өңіріндегі Сарыбұлақ кен орнында мұнай ұңғымаларын салуды жоспарлап отыр. Аталмыш компанияның соңғы бенефициары – Қытай азаматы Сан Гуансинь. Бұл ақпаратты Kursiv.media сайтында жарияланды.
Экологиялық порталда жариялаған жоба бойынша, Сарыбұлақ кен орнында 64 мұнай ұңғымасын салу қарастырылған. Бұл кен орнынан тәулігіне 464 тонна мұнай, 17 168 текше метр газ өндіру жоспарланған. Мұнай бұрғылары 5 топқа топтастырылып, құрылысы қыркүйейек айында басталады. Құрылыс жұмыстарын алдағы 3 жылда аяқтау жоспарланған. Мұнай мен газ 2024-2031 жылдары өндірілмек.
«Тарбағатай Мұнай» компаниясы өте жақсы жұмыс істеп жатыр. Бүгінде олар Зайсан қазаншұңқырындағы халықты жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар ең ірі компания. Кәсіпорын Зайсан, Тарбағатай, Күршім және Марқакөл аудандарына де әсер ететін әлеуеті бар. Сондықтан үкімет тарапынан компанияға қолдау көрсету жөнінде ым-ишара бар. Ол енді біртіндеп құжат жүзіне айналады деп ойлаймын. Биыл күзге қарай бәрі бір ізге түссе, Сарбұлақ кенішіндегі мұнай өндіріле бастайды. Егерде толыққанда іске кірісетін болса, 1500-2000 жуық адамды жұмыспен қамтамасыз ететін мүмкіндігі пайда болмақ, — дейді Ермұрат Бәпи.
Депутат «Кен орны өңірдің дамуына қандай үлес қосты?» деген сауалға жауап берді.
Бұл жерде компанияның ешқандай жауапкершілігі жоқ, керісінше Зайсан ауданына 5-6 млн долларға газ құбырын тартып берді. Сол кезде жергілікті компания мен әкімшіліктің арасында келісім болған. Облыстық әкімшілік өз тарапынан міндеттемені жүзеге асыра алмады. Сол себепті Зайсан ауданы газбен толықтай қамтылмай қалды. Иә, тұрғындар арасында келіспеушілік бар, бірақ оған «Тарбағатай Мұнай» компаниясының қатысы жоқ, — дейді Бәпи.