Алғашында газ кен орны болған кезде, оның негізін қалаушылар қытайлық инвесторлар еді. Газ Қытайға экспортталып тұрды. Алайда 2022 жылдан кейін газды экспорттауға тыйым салынды, себебі ішкі нарықты қамтамасыз ету қажет болды. Барлық газ толықтай Зайсанға бағытталды, — дейді Жамауов.
Инвесторлар министрлікке ішкі нарықты қамтамасыз ету компания үшін тиімсіз екенін айтқан.
Компания иелері бізге «жақын маңда мұнай қоры бар, барлау жұмыстарын жүргізуге рұқсат беріңіздер. Жаңа жер қойнауын пайдалану келісімшартын жасаңыздар, ал біз сол мұнайды сатып, шығындарымызды өтейміз» деп айтты, — дейді вице-министр.
Осыған байланысты Энергетика министрлігі мұнай барлау жұмыстарына рұқсат беріп отыр. Бірақ мұнай қорының көлемі әлі белгісіз. Мұнайды өндіру жұмыстары басталған жоқ. Вице-министрдің айтуынша, қор көлемі дәлелденуге тиіс, кейін барып келісімшартқа жасалады. Әзірге нақты шешім жоқ.