Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында «Қазіргі Қазақстан және Абай Құнанбайұлының мұрасы қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар аспектісінде» жобасы бойынша жарық көрген кітаптардың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
«Абай академиясының» 2024 жылғы атқарған жұмыстарының есебі және болашақ бағдары» атты шараға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің басқарма төрағасы-ректоры және «Абай академиясы» жобасының ғылыми жетекшісі, академик Ерлан Сыдықов қатысты. Сонымен қатар, абайтанушы, жас ғалымдар оффлайн, онлайн режимінде қатысып, ой-пікірлерін білдіріп, Абай мұрасын ел мұратына жарату ісінде ұсыныстар жасады.
Абай академиясының директоры Жандос Әубәкір Абай Құнанбайұлы шығармашылығының мұраты мен мүддесі бүгінгі қоғамның өзекті мәселелермен үндес екендігін, Абайды ұлттық сананы жаңғыртуға зор ықпал еткен рухани реформатор және ұлы ақынның мұрасын ХХІ ғасырдағы Қазақстанның бренді ретінде әлем жұртшылығына таныту мақсатында атқарылған жұмыстарын баяндап берді.