Алматы қорығында сілеусіннің күшігі фототұзаққа түсіп қалды

Алматы қорығында Қызыл кітапқа енген сілеусіндерді жиі кездестіруге болады. Бұл жолы сілеусіннің күшігі фототұзаққа түсіп қалды, — деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.»Ғылыми зерттеу жүргізгелі бері фототұзақта 1 інсін (сілеусіннің күшігі) тіркелді. Кейінен визуалды бақылау кезінде 2 інсімен бірге жүргені анықталды. Балалары екі жасқа дейін аналарымен бірге жүреді», — делінген хабарламада.