«Келешек» бағдарламасы. 70 мыңнан астам шот ашылды



Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Келешек» білім беру жинақтау жүйесінің сәтті іске қосылғанын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.Өте белсенді жүріп жатыр. 70 мыңнан астам «Келешек» шоты азаматтар тарапынан ашылды. Тіпті, шын айтқанда, бастапқы капиталды есептеу керек пе деп аздап алаңдапотырмыз. Барлық ірі ұлттық университеттер бұл бастамаға қосылды. Атап айтқанда, ЕҰУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Сәтбаев университеті, бірнеше жеке университеттер, Нархоз және басқалары, — деді министр.